Софья Самоделкина Канададағы Гран-при кезеңінде бақ сынайды

Жарыс 30 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді

ҰОК
ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Skate Canada International 2026 Гран-при кезеңіне қатысады.

Жарыс 30 қазан мен 1 қараша аралығында Канаданың Келоуна қаласында өтеді.

Софья Самоделкина әйелдер арасындағы жекелей сырғанауда бақ сынайды. Бұл бағдарламада барлығы 12 спортшы өнер көрсетеді.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшы Алматыда өткен Денис Тен мемориалында қола медаль жеңіп алған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам