Еркін Ғаббасов Азия Пара ойындарында Қазақстанға алғашқы алтынды сыйлады

Ол 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама иеленді

ҰОК
ҰОК

Қазақстандық параспортшы Еркін Ғаббасов Айчи-Нагоя Азия Пара ойындарында пара оқ атудан алтын медаль жеңіп алды.

Спортшы пневматикалық винтовкадан 10 метр қашықтыққа нысана көздеуден R1 санатында 249,1 ұпай жинап, жарыс чемпионы атанды. Сонымен қатар ол жарыс рекордын жаңартып, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама иеленді.

Күміс медальді 248 ұпай жинаған оңтүстіккореялық Пак Джинхо иеленсе, қола жүлде 226 ұпаймен Ли Джанхоға бұйырды.

Айта кетейік, Еркін Ғаббасов бұған дейін Парижде өткен 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында пара оқ атудан күміс медаль жеңіп алған еді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам