Мерей Базарбаев U23 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық еркін күрес шебері Мерей Базарбаев АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ол 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында түркиялық Бекир Кесерді 8:0 есебімен жеңді.
Шешуші белдесуде айқын басымдық танытқан қазақстандық спортшы осылайша еркін күрестен ұлттық құрамаға жалғыз алтын жүлдені сыйлады.
Мерей Базарбаевтың әлем чемпионатындағы жолы 1/8 финалдан басталды. Бұл кезеңде ол АҚШ өкілі, U23, U20 және U17 жас санаттарындағы әлем чемпионы Люк Лилледальды 3:1 есебімен ұтты. Ширек финалда француз балуаны Расул Галбораевтан 13:2 есебімен басым түссе, жартылай финалда жапониялық Даито Кацумені 7:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Мерей Базарбаев — Қазақстан тарихында U23 санатында еркін күрестен әлем чемпионы атанған екінші балуан. Бұған дейін 2024 жылы Ризабек Айтмұхан 97 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иеленген еді.
Қазақстан құрамасы Лас-Вегастағы әлем чемпионатын жалпы жеті медальмен аяқтады. Ұлттық құрама қоржынында үш алтын, бір күміс және үш қола жүлде бар.
Қазақстандық балуандардың нәтижелері: