Хорватиядағы Ironman жарысында 54 жастағы спортшы көз жұмды

Оқиға жүзу кезеңінде болған

TACC
TACC

Хорватияның Пореч қаласында өткен Ironman жарысы кезінде Словениядан келген 54 жастағы спортшы қайтыс болды. Оған жүзу кезеңінде кенеттен жағдайы нашарлап, дәрігерлердің көмегіне қарамастан, өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Қайғылы оқиға 18 қазанда болған. Жарыс ұйымдастырушылары әлеуметтік желідегі парақшасында қатысушылардың бірі қайтыс болғанын хабарлады. Glas Istre басылымының жарияланымына сәйкес, 1972 жылы туған Словения азаматы жүзу кезінде өзін жайсыз сезінген.

Бұған дейін, 2024 жылы да Поречтегі осы жарыс кезінде Ұлыбританияның 50 жастағы азаматы көз жұмған.

Айта кетейік, Поречтегі Ironman жарысында қатысушылар 1,9 шақырым қашықтықты жүзіп өтіп, велосипедпен 90 шақырым жүріп, соңында 21,1 шақырымға жүгірген.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам