Қазақстандық пара жүзуші Азия рекордын жаңартып, екі медаль иеленді

Қазақстан құрамасы бесінші алтынын жеңіп алды

ҰОК
ҰОК

Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық пара жүзуші Диас Кенжебек алтын медаль жеңіп алып, Азия рекордын жаңартты.

Ерлер арасында S10 санаты бойынша 100 метрге шалқалай жүзу сайысының финалында Диас Кенжебек 1 минут 1,98 секунд нәтижемен мәреге бірінші болып жетті. Осылайша ол Азияның бұған дейінгі 1 минут 3,73 секундтық рекордын жаңартты.

Сондай-ақ бүгін, 20 қазанда ол SM10 санатында 200 метрге кешенді жүзуден 2:21.61 уақыт нәтижесін тіркеп, күміс алды.

Бұл - Қазақстан құрамасының V Азия Пара ойындарындағы бесінші алтын медалі. Осылайша Диас Кенжебектің еншісінде үш медаль бар. Ол бұған дейін 100 метрге еркін стильде жүзуден (S10) күміс алған еді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам