Хамзат Чимаев UFC-дің бұрынғы чемпионын 11:0 есебімен жеңді

Бұл — 32 жастағы спортшының Real American Freestyle (RAF) ұйымындағы қатарынан төртінші жеңісі

RAF
RAF

UFC-дің бұрынғы чемпионы Хамзат Чимаев Лас-Вегаста өткен RAF 14 турнирінде америкалық Робби Лоулерді мерзімінен бұрын жеңді. Еркін күрестен өткен белдесу бірінші кезеңде 11:0 есебімен аяқталды.

Чимаев алғашқы секундтардан-ақ бірнеше нәтижелі әдіс орындады. Нәтижесінде төреші техникалық басымдыққа байланысты белдесуді мерзімінен бұрын тоқтатты.

Бұл — 32 жастағы спортшының Real American Freestyle (RAF) ұйымындағы қатарынан төртінші жеңісі. Бұған дейін ол Диллон Дэнисті, Тайрон Вудлиді және Гилберт Бернсті жеңген.

Чимаевтың бұл жолғы қарсыласы — 44 жастағы Робби Лоулер. Америкалық спортшы бұған дейін UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы болған. Ол 2023 жылғы шілдеде UFC 290 турнирінде Нико Прайсты жеңгеннен кейін аралас жекпе-жектегі мансабын аяқтаған. RAF 14 турниріндегі белдесу Лоулер үшін ұйымдағы алғашқы кездесу болды.

Чимаев келесі белдесуін 14 қарашада Абу-Дабиде өтетін RAF турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы UFC-дің бұрынғы уақытша чемпионы Колби Ковингтон болады. Кездесуде ұйымның Cruiserweight Crossover санатындағы чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам