Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Ширек финалда әзербайжандық Мурад Маммадовпен кездесті

ҰОК
ҰОК

Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Айдос Сұлтанғали Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

60 келіге дейінгі салмақта белдесетін отандық балуан ширек финалда әзербайжандық Мурад Маммадовпен кездесті.

Тартысты белдесудің алғашқы кезеңі 1:1 есебімен аяқталды. Ал екінші үш минуттық кезеңде Айдос Сұлтанғали басымдық танытып, қарсыласын 4:1 есебімен жеңді.

Осылайша, қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалына шығу үшін күреседі.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам