Мексикада өткен сында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 1 алтын, 1 күміс медальмен оралды
Мексиканың Гвадалахара қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Айсамал Сансызбаева күміс жүлдеге ие болды.
Отандасымыз ауыратлеттер арасындағы сында 87 келі салмақта бәсекеге түсіп, серпе және жұлқа көтеруде 250 келі (107+143) нәтижесін тіркеді.
Бұдан бөлек, тағы бір қазақстандық спортшы Егор Шерер 89 келіге дейінгі салмақта қоссайыс бойынша 334 (153+181) келі көрсеткішпен жүлдеден тыс қалды.
Мексикада өткен сында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 1 алтын, 1 күміс медальмен оралды. Оның алдында Едіге Емберді чемпион атанып, өз салмағында үздік шыққан болатын.