Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Алты баласы бар»: спортшы Ерлан Қожасбай әйелімен енді ғана некелесті

24.11.2023, 11:01

Мұның себебін олар кейінірек айтуға уәде берді

«Алты баласы бар»: спортшы Ерлан Қожасбай әйелімен енді ғана некелесті
Instagram

Еліміздің грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының бұрынғы президенті, «Сәду» еркін күрес академиясының негізін қалаушы Ерлан Қожасбай белгілі әнші Динара Сұлтанмен көп балалы отбасы болғаннан кейін енді ғана заңды некеге тұрды. Бұл туралы қайраткердің әйелі әлеуметтік желіде жазды.

«Қазір осы жерде тек құттықтаулар қалсыншы. Неге былай істегенімізді кейін қол тигенде жазба ретінде жариялаймын. Жұма қабыл болсын, жандарым! Бақытты болайық!», - деп жазды әнші желідегі ресми парақшасында.

Әнші жариялаған суретте олардың Алматыдағы Медеу аудандық неке сарайының алдында тұрғаны байқалады. Ал желі қолданушылары түрлі пікір жазып қалдырған.

Еркін Қожасбай ұзақ жылдар бойы еліміздің күрес федерациясында вице-президент болған. Кейін федерацияға жетекшілік етіп, аз уақыттан кейін қызметінен кеткен болатын. Сонымен қатар, ол Афины олимпиадасында Қазақстан еркін күрес құрамасының бас бапкері ретінде балуандарды бастап барды. Ал, Динара Сұлтанмен спорт қайраткері отандық телеарналардың бірінде ұйымдастырылған жоба кезінде бірге ән шырқаған еді. Кейін олар отбасылы болып, бірнеше жыл шетелде тұрды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам