Каратеден әлем чемпионы жарыс кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

Telegram WhatsApp

Карате федерациясына тойды жасап беруге ұсыныс айтылып жатыр

eKaraganda
eKaraganda

Алматыда киокушинкай-кан каратеден өткен әлем чемпионатында теміртаулық спортшы Никита Гарас сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Аталған спорт түрінен әлем чемпионы атанған атлеттің ұсынысын оның қызы Августина кері қайтарған жоқ.

Әлемдік жарыста мұндай жағдайды ешкім күтпеген еді. Жекпе-жек шебері марапаттау тұғырының алдында осындай қадамға барған.

«Біз бес жылдан бері біргеміз. Менің саған деген ешқандай сұрағым жоқ. Осы уақыт ішінде сен бәрін бірге бөлісіп, бірге болдың. Маған тұрмысқа шығасың ба?», - деді Никита Гарас.

Романтикаға толық махаббат жұбының бейнежазбасы еліміздің спортты дамыту дирекциясының ресми парақшасында жарияланды. Бұл жағдайға желі қолданушылары мен спорт жанкүйерлері шын қуанып, жүрекжарды тілектерін жазып қалдырған. Тіпті, олардың біреуі  киокушинкай-кан карате федерациясына жас жұбайлардың той шығынын көтеруді ұсынған.

Материалда:

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 54 184 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 208 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 477 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 526 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 268 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 156 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 266 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 796 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 494 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 307 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 294 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 460