
Үздіктердің орнын басқа спортшылар алмастырған
Қазақстан дзюдо федерациясы Азия чемпионатына екінші нөмірлі спортшыларды апаруды шешкен секілді. Өйткені әу баста тізім болған үздіктердің орнын басқа спортшылар алмастырған.
Халықаралық дзюдо федерациясының ресми сайты 2025 жылғы Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының өтінімінде өзгерістер болғанын хабарлады.
Ерлер
60 келі. Мағжан Шамшадиннің орнына Шерзод Давлатовқосылды.
66 келі. Ғұсман Қырғызбаев бастапқы құрамда болған, бірақ қазір ол тізімде жоқ.
73 келі. Бақытжан Абдурахманов бастапқы құрамда болған,бірақ қазір ол тізімде жоқ.
81 келі. Абылайхан Жұбаназардың орнына Азат Құмысбай барады.
90 келі. Бапкерлік штаб Максим Мейірланды құрамға енгізді.
+100 келі. Бапкерлік штаб Ерасыл Қажыбаевты құрамғаенгізді.
Әйелдер
48 келі. Абиба Әбужақынованың орнына Ғалия Тынбаева барады.
48 келі. Бапкерлік штаб Диана Буркееваны құрамға
енгізді.
52 келі. Бапкерлік штаб Толғанай Әбеуованы құрамғаенгізді.
57 келі. Дана Әбдірова бастапқы құрамда болған, бірақ қазір ол тізімде жоқ.
63 келі. Самалай Ерғалиева бастапқы құрамда болған,бірақ қазір ол тізімде жоқ.
78 келі. Аруна Жангелдина бастапқы құрамда болған, бірақ қазір ол тізімде жоқ.
Еске салакетейік, құрлықтық біріншілік 25-27 сәуір аралығында Таиландта өтеді.