Қазақстандық каратэші қыздар бүкіләлемдік «Grand Winner» атағына үміткер

27.03.2025, 13:05

Жеңімпаздар Мароккода анықталады

Қазақстандық каратэші қыздар бүкіләлемдік «Grand Winner» атағына үміткер
instagram.com/moldir_zhangbyrbay/

Қазақстандық үш бірдей каратэші қыз бүкіләмдік «Ең үздік спортшы» атағына үміткер. Бұл номинация әр салмақта үздік өнер көрсеткен спортшыға беріледі.

Олардың қатарында әлем чемпионы – 50 келіде бақ сынайтын Мөлдір Жаңбырбай бар. 

Айта кетейік, бұл номинацияны бұған дейін елімізде алғаш рет дәл осы Мөлдір Жаңбырбай жеңіп алған еді. Биыл да бұл атағын сақтап қалуға зор мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, тағы бір отандасымыз – 61 келіде Азия ойындарының чемпионы Әсел Қанай да бұл атаққа үміткерлердің қатарында.

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева да (+68 кг) «Үздік спортшы» атануы мүмкін.

Еске салайық, Мөлдір қаңтар айында Парижде өткен жылдың алғашқы премьер-лига турнирінде – қола, Ханчжоуда күміс медаль иеленген. Ал Әсел мен Софья Парижде күміс жүлде жеңіп алды. Ханчжоуда (Қытай) екеуі де қола медальға қол жеткізді.

Жеңімпаздар алдағы Мароккода өтетін премьер-лиганың қортынды нәтмжесі бойынша анықталады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам