
Даңқты балуан кеше 28 жасқа толды
Қазақстандық даңқты дзюдошы Абиба Әбужақынова әлем чемпионатындағы жүлдесінен кейін су жаңа Lexus ES автокөлігін сыйға алған болатын. Бүгін ол аталған көлігіне ерекше номер тақты.
Айта кету керек, кеше Абиба 28 жасқа толды. Ал, бүгін өзінің жаңа автокөлігі мен оған таққан «001 ABI 06» мемлекеттік номерінің фотосуретін көрсетті.
«Менің туған күнім 4 шілдеде» деп жазылған фотосурет астына.
Еске салайық, Абиба Әбужақынова маусым айында Венгрияда өткен әлем чемпионатында финалға дейін жетіп, жарыстың күміс жүлдегері атанған болатын. Қазақстан тарихында мұндай жетістікке жеткен дзюдошы қыз әзірге жоқ.
Жуырда даңқты балуан «Бірінші бол» Youtube-каналында қонақта болып, Қазақстан дзюдосындағы проблемалар мен жетістіктер және алға қойған жоспары туралы айтқан болатын.