Желі қолданушылары Алмастың жаңа қадамын жылы қабылдаған
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының белді мүшесі, әлем чемпионатының жүлдегері Алмас Өтешов алғаш рет кино өнерінде бағын сынап көрді.
Танымал спортшы өзінің Instagram парақшасында актерлік дебюті жайында бөлісіп, «Байгайстан» атты отандық фильмге түскенін қуанышпен хабарлады.
«Біртін-біртін басталып жатыр. «Байгайстанда» өзімді сынап көрдім. Киноға түсу бала күнгі арманым болатын. Қазір сол арманым орындалып жатқандай, шүкір», – деп жазды Алмас.
Желі қолданушылары Алмастың жаңа қадамын жылы қабылдап, түрлі қолдау пікірлерін қалдырды. Көпшілік оның бойында актерлік қабілет бар екенін айтып, болашағынан зор үміт күтетіндерін жасырмады.
«Осы жолдан тайма, бауырым! Бүкіл ел сені қолдаймыз. Жақсы рөлдерге жететініңе сенімдіміз!», «Кино, ән, штанга – бәрін де алып жүре бер. Бір күні жарқ етіп шығасың!», «Таза актер екенсің ғой!», «Сәттілік тілеймін!» - деп жазды көпшілік.
Айта кету керек, бұған дейін Алмас Өтешов алты айдың ішінде ішімдіктен қалай бас тартқанын ашық айтып, бұл шешімнің оның өмірінде үлкен өзгерістерге жол ашқанын мойындаған еді. Спорттағы тәртіп пен ерік-жігер оның өмір жолында жаңа белестерге жетелеп отыр.