ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Ресейдің жұлдызды спортшысы Қазақстан атынан өнер көрсетеді

08.07.2025, 15:18

Әлем чемпионатының алты дүркін жүлдегері Елизавета Голубева ресми түрде рұқсат алды

Ресейдің жұлдызды спортшысы Қазақстан атынан өнер көрсетеді
© РИА Новости / Алексей Филиппов

ISU ресейлік конькиші Елизавета Голубеваға 2025 жылғы 5 шілдеден бастап Қазақстан атынан өнер көрсетуге рұқсат берді.

Әлем чемпионатының алты дүркін жүлдегері Елизавета Голубева енді ресми түрде Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсете алады. Бұл туралы Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) мәлімдеді.

ISU шешіміне сәйкес, Голубева 2025 жылғы 5 шілдеден бастап Қазақстан атынан халықаралық жарыстарға қатысу құқығына ие болды.

Елизавета Голубева – Еуропа чемпионы және Ресей құрамасының қатарында әлем чемпионаттарында алты мәрте жүлдегер атанған спортшы. Екі жыл бұрын ол Қазақстан құрамасына ауысу туралы өтініш берген болатын. Осыдан соң Ресей конькимен жүгірушілер одағы оған міндетті екі жылдық «карантин» мерзімін тағайындаған. Бұл мерзім 2025 жылдың 3 шілдесінде аяқталды.

Енді Голубева жаңа ұлттық құраманың жейдесін киіп, мұз айдынына қайта оралуға мүмкіндік алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам