ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясына басшылық қызметке тағайындалды

14.07.2025, 00:25

Ол отандық дзюдоны дамытумен айналыспақ

Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясына басшылық қызметке тағайындалды
Руслан Желдібайдың Facebook-парақшасынан

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай тағы бір қызметке тағайындалды. Бұдан былай ол Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру бойынша комиссиясының директоры лауазымын қоса атқарады.

Бұл туралы Р.Желдібай өзінің Facebook-парақшасында жазған. Айтуынша, бұл – қоғамдық қызмет.

«Дзюдоны елімізде дамыту бағытында біраз жұмыс атқарылып жатыр. Әлі де мәселе жетерлік. Дзюдоны кеңінен дамыту үшін арнайы академия, ал аймақтарда орталықтар қажет болып тұр. Халықаралық ынтымақтастықты да арттырамыз. Осы іске барынша өз үлесімді қосамын», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Еске салайық, Қазақстандағы дзюдо федерациясын Қуанышбек Есекеев басқарады. Ол – Қазақстан президентінің кеңесшісі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам