
Германияда 16-27 шілде аралығында жазғы Универсиада өтеді
Германияда 16-27 шілде аралығында өтетін жазғы Универсиадаға қатысатын қазақстандық жеңіл атлеттер құрамасы белгілі болды. Құрамада Ольга Рыпакованың қызы Анастасия Рыпакова да бар.
Қазақстан атынан Универсиадаға келесі атлеттер қатысады:
Кристина Ермола (Павлодар облысы) – 100 м және 100 м кедергілер арқылы жүгіру;
Александра Залюбовская (Павлодар облысы) – 200 және 400 м жүгіру;
Елизавета Матвеева (ШҚО) – биіктікке секіру;
Кристина Овчинникова (Қарағанды облысы) – биіктікке секіру;
Анастасия Рыпакова (ШҚО) – ұзындыққа секіру;
Ясмина Тоқсанбаева (Алматы) – 20 шақырымдық спорттық жүріс;
Алина Чистякова (Қарағанды облысы) – жеті сайыс;
Зелимхан Насыров (Ақмола облысы) – ұзындыққа секіру;
Максим Фроловский (Алматы) – 1500 және 5000 м жүгіру.
Жеңіл атлетика жарыстары 21-27 шілде күндері Бохум қаласында өтеді. Бапкерлер құрамы – Людмила Пешко, Александр Степанковский және Сергей Тулапин.
Айта кетейік, Анастасия – атақты жеңіл атлет, қазіргі таңда Қазақстан Жеңіл атлетика федерациясының президенті Ольга Рыпакованың қызы.