
Даңқты спортшы негізі 2018 жылы үлкен спорттағы мансабын аяқтаған еді.
Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, 38 жастағы Ақжүрек Таңатаров боз кілемге қайта оралады.
Даңқты спортшы негізі 2018 жылы үлкен спорттағы мансабын аяқтаған еді.
«Ауылдан шыққан жас балуандарды спортқа тарту мақсатында Түркістан обылысы Созақ ауданында жаттықтырушылар арасында жарыс ұйымдастырылуда. Бұл жарыста 40 жасқа дейінгі жаттықтырушылар күреседі. Сонымен қатар 30 бен 40 жас арасында Түркістан және Шымкент қалаларының балуандары белдеседі. Сол жерде чемпион болған балуан менімен күреседі»,— дейді Ақжүрек Таңатаров sport pluse арнасына берген сұхбатында.
Ақжүрек Таңатаров 2017 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы, әлем чемпионатының қола жүлдегері. Бұған қоса еліміздің 4 дүркін чемпионы.
2012 жылы Лондон Олимпиадасында 66 келіде бақ сынап, ел қоржынына қола жүлде салған. Айта кетейік, Ақжүрек Таңатаров қазіргі таңда 38 жаста.
Ол Жамбыл облысында жас балуандарды тәрбиелеуде.