ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Елдос Сметовтің алдағы жоспары белгілі болды

15.11.2025, 11:36

Бұған дейін Елдос Сметов Лондонда 6 ай тіл курсын оқыған

Елдос Сметовтің алдағы жоспары белгілі болды
ҰОК

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев шәкіртінің алдағы жоспары туралы айтты. Семейде өткен ел чемпионатына құрметті қонақ ретінде қатысқан білікті маман алда белгілі балуанның қандай жұмыстар атқаратындығын жеткізді.

«Елдос әрдайым спортта жүр. Ол Жамбыл облысының дзюдо федерациясының жұмысына ат салысып жүр. Ол Олимпиададан келгенде алда әлі де халықаралық жарыстарда күресуді көздейтінін айтып, екінші рет төртжылдықтың басты ойындарында топ жаруды көздейтінін мәлімдеген еді», - деді Ғалымжан Жылгелдиев.

Бұған дейін Елдос Сметов Лондонда тіл курсын алты ай бойы оқып, кейін иығынан алған жарақатына ота жасатты. Спортшы 2026 жылы ұлттық құрама сапында халықаралық жарыстарға қатыспақ.

Семейдегі ел чемпионатынан оралған спортшы жаттығуды бастағанын желіде бейнежазба жариялап, мәлімдеді.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам