ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Маңдайыма жазылғаны осы»: Азамат Мұқанов Олимпиада туралы сөз қозғады

15.11.2025, 11:41

Балуан 2016 жылы Рио Олимпиадасына бара алмаған

«Маңдайыма жазылғаны осы»: Азамат Мұқанов Олимпиада туралы сөз қозғады
ҰОК

Дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов спорт журналисі Ақырыс Сейітқазыға берген сұхбатында Олимпиададан тыс қалғанынан өкінбейтінін атады.

66 келіде күресіп, көптеген жарыстарда жүлде алған балуан 2016 жылы Рио Олимпиадасына бару үшін рейтингте тиісті ұпай жинай алмаған еді.

«Олимпиадаға қатыспағаныма мүлдем өкінбеймін. Менің маңдайыма жазылғаны осы. Дзюдода осы деңгейде күресемін деп еш уақытта ойламағанмын. Ауылда самбо күресімен айналысып, «әлем чемпионы болсам» деген арман ғана болған. Ол мақсатқа қол жеткенде «дзюдода күресіп көрейін» деп бет бұрдым. Ертеде Айдын Смағұлов «спорттан кейін адам өмірге аяқпен не желкемен түседі. Сен аяқпен түсуге тырыс» деп айтқан еді. Құдай шүкір, мен аяқпен нық түстім», - деді Азамат Мұқанов.

Спортшы 2013 жылы Таиландта өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанса, Риода өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Ал 2014 жылы Инчхонда (Оңтүстік Корея) болған Азия ойынандарынан қола медаль иеленді.

Кейін белгілі балуан бапкерлікке ойысып, жастар құрамасына жетекшілік етті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам