ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Түркия футболындағы жаппай төбелес: 24 қызыл қағаз көрсетілді

17.11.2025, 09:50

Қақтығыс бірінші тайм аяқталғаннан кейін басталып, біраз уақытқа созылған

Түркия футболындағы жаппай төбелес: 24 қызыл қағаз көрсетілді
Видеодан кадр

Түркияның Артвин провинциясында өткен аймақтық әуесқой лига матчынан кейін командалар арасында жаппай төбелес болды.

Sabah басылымының дерегінше, төреші екі командаға жалпы саны 24 қызыл қағаз көрсеткен. Қақтығыс бірінші тайм аяқталғаннан кейін басталып, біраз уақытқа созылған. Тараптарды тоқтату үшін тіпті қауіпсіздік қызметкерлері алаңға шығуға мәжбүр болды. Оқиғадан кейін тәртіптік комитет бұл жағдайға қатысты тергеу бастады.

Айта кетейік, соңғы кездері Түркия футболына қатысты даулы мәселе көп. Жақында 371 төрешінің букмекерлік кеңселерде шоты бары анықталды. Көп ұзамай бұл былыққа футболшылардың да қатысы бар екені белгілі болып, мыңнан астам ойыншы шеттетілді. Соның салдарынан Түркияның екінші және үшінші лигалары тоқтатылды, себебі алаңға шығатын ешкім қалмаған. Сонымен қатар «Бешикташ» пен «Галатасарай» секілді көшбасшы клубтардың футболшылары да бәс тіккен деген ақпарат бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам