Путинцева негізгі кезеңге іріктеу арқылы өткен
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдегі жарысын аяқтады. Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемдік рейтингте 13-орында тұрған ресейлік Диана Шнайдерге есе жіберді.
Әлемдік рейтингте 79-сатыда тұрған Путинцева негізгі кезеңге іріктеу арқылы өткен еді. Алайда екінші айналымда қарсыласына лайықты қарсылық көрсете алмады. Кездесу 1 сағат 20 минутқа созылып, 2:6, 2:6 есебімен Шнайдердің пайдасына аяқталды.
Матч барысында қазақстандық теннисші эйс жасамады, үш рет қос қателік жіберіп, жеті брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Үшінші айналымда Диана Шнайдер чехиялық Каролина Муховамен кездеседі.
Осылайша, Уханьдағы турнирдің жекелей сынында Қазақстан өкілдері қалмады. Бұған дейін Елена Рыбакина жарақатына байланысты жарысқа қатысудан бас тартқан болатын.