Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

Рыбакина Уимблдон турнирінде қанша табыс тапты

12.07.2024, 16:52

Теннисші Барбора Крейчиковадан айласын асыра алмады

Рыбакина Уимблдон турнирінде қанша табыс тапты
Vesti.kz

Лондонда мәресіне жақындаған Уимблдон турнирінің жартылай финалында есе жіберген қазақстандық теннисші Елена Рыбакианың қанша көлемде қаржылай табыс тапқаны белгілі болды.

Аталған доданың финалға шығар кезеңінде Чехия теннисшісі Барбора Крейчиковаға 2:1 есебімен есе жіберген Рыбакина 800 мың АҚШ долларынан астам қаржы алған. Бұл туралы турнирдің ресми сайтында деректер жария болды.

Есеп бойынша жартылай финалға жеткен теннисшіге 715 мың фунт стерлинг төленетіні жазылған. Бұл теңгемен есептегенде 400 миллионды құрайды.

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жартылай финалдың алғашқы сетінде 6:3 есебімен алға шықты. Алайда екінші партияда ол 6:3 есебімен ұтылып, үшінші кезеңді жалғастырды. Шешуші сәтте Қазақстан Елена әлемдік рейтингте 31-орында тұрған Барбора Крейчиковадан айласын асыра алмады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам