Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Әйгілі теннисші Новак Джоковичтің бапкері Елена Рыбакинаны жаттықтыратын болды

02.11.2024, 09:26

Горан Иванишевич 2001 жылғы Уимблдон турнирінің чемпионы атанған

Әйгілі теннисші Новак Джоковичтің бапкері Елена Рыбакинаны жаттықтыратын болды
Gettysport

Қараша айынан бастап Новак Джоковичті бес жыл жаттықтырған бапкер Горан Иванишевич қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған Елена Рыбакинамен жұмыс істей бастады. Бұл туралы Елена Рыбакина WTA Финалдық турнирі алдында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

«Турға қайта оралғаныма қуаныштымын. Бұл жолы WTA туры болады. Командаңа қосылғаныма қуаныштымын, Елена», — деп жазды Иванишевич әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қазақстандық теннисші US Open – 2024 турнирінен кейін кортқа шыққан жоқ, ол турнирдің екінші кезеңінде жарыстан шығып қалды. Бұған дейін ол бапкері Стефано Вуковпен жұмысын тоқтатқанын жариялап, WTA – 2024 Финалдық турнирінің басталуына дейін жаттықтырушысыз қалған болатын. Еске салайық, Рыбакина WTA Финалдық турнирінде күлгін топқа енді, бұл топқа Арина Соболенко, Жасмин Паолини және Чжэн Циньвэнь де кіреді.

Ал Горан Иванишевич — хорватиялық бұрынғы кәсіби теннисші, 2001 жылғы Уимблдон турнирінің чемпионы. Ол әлемдік рейтингте екінші орынға дейін көтерілген және мансабында 22 ATP турнирінде жеңіске жеткен.

Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін, Иванишевич бапкерлік қызметке кірісті. 2013 жылдан бастап ол хорватиялық Марин Чиличпен жұмыс істеп, 2014 жылы Чиличтің АҚШ ашық чемпионатында жеңіске жетуіне ықпал етті. 2019 жылы Иванишевич сербиялық теннисші Новак Джоковичтің бапкерлік құрамына қосылып, бірге 12 Үлкен дулыға турнирін жеңіп алды.

 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам