Елена Рыбакина WTA турнирінің алғашқы кездесуінде жеңілді

Telegram WhatsApp

Ол әлемдік рейтингте 4-орында тұрған италиялық Жасмин Паолинимен кездесті

©x.com/WTA
©x.com/WTA

Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемдік рейтингте 5-орында тұрған Елена Рыбакина WTA Финалдық турнирінде Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өнер көрсетті. Бразилия құрамасының шабуылшысы және саудиялық "Аль-Хиляль" клубының ойыншысы Неймар ойынның құрметті қонағы болды.

Күлгін топтың алғашқы матчында Рыбакина Ролан Гаррос пен Уимблдонның соңғы финалисі, әлемдік рейтингте 4-орында тұрған италиялық Жасмин Паолинимен кездесті. Кездесу екі сетте итальяндық теннисшінің 7:6(5), 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды. Матч бір сағат 44 минутқа созылды.

Бұл топта әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь елінің өкілі Арина Соболенко және Қытайдан келген Чжэн Циньвэнь (әлемдік рейтингте 7-орын) өнер көрсетуде. Бірінші турда Соболенко Циньвэньді 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Келесі матчта Рыбакина қытайлық теннисшімен кездеседі. Ойын 4 қарашада өтеді.

Айта кетейік, Рыбакина соңғы рет тамыз айында, US Open – 2024 турнирінің бірінші кезеңінде кортқа шыққан еді. Ол екінші кезеңнен кейін жарысты тоқтатып, Сеул, Бейжің және Ухань турнирлеріне қатысудан бас тартты.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 57 323 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 274 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 509 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 579 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 278 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 169 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 282 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 824 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 498 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 327 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 303 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 480
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›