Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Рыбакина мен Путинцева жүлде қоры 1 миллион долларды құрайтын турнирге қатысады

03.02.2025, 15:27

Екеуі де қаңтарда өткен Australian Open турнирін сәтсіз аяқтады

Рыбакина мен Путинцева жүлде қоры 1 миллион долларды құрайтын турнирге қатысады
WTA

Ақпанның 3-8 аралығында Абу-Дабиде өтетін WTA 500 турнирінде қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева бақ сынайды. Жарыстың жүлде қоры – 1 млн доллар.

Әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастайды. Ол британдық Сонай Картал (#90) мен америкалық Кэти Волынец (#62) жұбының жеңімпазымен өзара мықтыны анықтайды.

Бұл турнирде Юлия Путинцева да (#21) бақ сынайды. Ол да ойынды екінші айналымнан бастайды. Путинцева чехиялық Маркета Вондроушова (#37) мен британдық Эмма Радукану (#56) арасындағы матчтың жеңімпазымен кортқа шығады.

Айта кетейік Елене Рыбакина соңғы рет Australian Open турнирінде 1/8 финалда америкалық Мэдисон Кизге 1:2 (3:6, 6:1, 3:6) есебімен есе жіберді. Ал Юлия Путинцева осы жарыстың алғашқы айналымдарында сәтті өнер көрсетіп, үшінші кезеңде ресейлік Дарья Касаткинадан 5:7, 1:6 есебімен жеңілііп қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам