Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

WTA рейтингі жаңарды: Путинцева – төмендеді, Рыбакина – үздік бестікте

03.02.2025, 09:53

Көш басындағы үздік үштік өзгеріссіз қалды

WTA рейтингі жаңарды: Путинцева – төмендеді, Рыбакина – үздік бестікте
коллаж: 1bol.kz

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлем теннисшілерінің рейтингін жаңартты. Қазақстандық теннисшілер өз орнын білді.

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бесінші сатыда. Ол жуырда өткен Australian Open турнирінде 1/8 финалда америкалық Мэдисон Киздан жеңілген болатын. Соған қарамастан рейтингте жетіншіден бесінші орынға дейін көтерілген еді.

Юлия Путинцева болса жыл басында бірден 20-шы сатыға жоғарылаған. Алайда, жаңартылған рейтингте ол 21-орыннан табылды.

Жібек Құламбаева – 320 және Зарина Дияс – 353-орындарға жайғасқан. Жұптық сында өнер көрсететін Анна Данилина 20-дан 19-шы сатыға көтерілді.

ТОП-3 өзгеріссіз қалды. Арнина Соболенко (Беларусь) көш басында. Ига Швентек (Польша) – екінші, Кори Гауфф (АҚШ) – үшінші.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам