![Теннисші Александр Недовесов енді Қазақстан құрамасы үшін ойнамайды](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/04/67a25da6841c7613419943.jpg)
Ол Андрей Голубевпен бірге Роджер Федерер мен Стэн Вавринка жұбын жеңген
2013 жылы Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрама сапында он жылдан астам уақыт өнер көрсеткен теннисші Александр Недовесов мансабын жеке теннисші ретінде жалғастырады. Ол ұлттық құрама сапындағы карьерасын аяқтады деп хабарлады ҚТФ баспасөз қызметі.
37 жастағы теннисші Қазақстан құрамасы сапында Олимпиада-2024 ойындарына қатысты, 2014 жылғы Азия ойындарында командалық жарыста – алтын, ал 2018 жылғы Азиадада микст санатында қола жүлдеге қол жеткізді.
Сондай-ақ, ол ATP 250 санатындағы үш турнирдің чемпионы атанды. 2014 жылы ATP рейтингісінде жекелей сында 72-орынға дейін көтерілсе, 2024 жылы жұптық сында 38-орынға жетті.
Дэвис кубогында 30 матч өткізіп, Андрей Голубевпен бірге Роджер Федерер мен Стэн Вавринканы жеңген ойыны Қазақстан теннисі тарихындағы ең жарқын сәттердің бірі болды.