Зарина Диас Португалиядағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

Отандасымыз чехиялық Габриэла Кнутсонға есе жіберді

Instagram.com/zarinadiyas
Instagram.com/zarinadiyas

Қазақстандық теннисші Зарина Диас (WTA рейтингінде 246-орын) Португалияның Сейшал қаласында өткен ITF турнирінің ширек финалында жеңіліске ұшырады.

Отандасымыз чехиялық Габриэла Кнутсонмен (217-орын) кездесіп, тартысты матчта үш сет қорытындысы бойынша 4:6, 7:5, 3:6 есебімен жеңілді. Ойын 1 сағат 59 минутқа созылды. Айта кетейік, Зарина бұл турнирде сегізінші нөмірлі, ал қарсыласы төртінші нөмірлі теннисші болып тіркелген еді.

Осылайша, Зарина Диас жартылай финалға өте алмай, турнирді ширек финалда аяқтады. Ал Габриэла Кнутсон финалға шығу үшін ресейлік Виталия Дьяченкомен (585-орын) кездеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам