ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Александр Бублик Швейцариядағы турнирде чемпион атанды

20.07.2025, 21:43

Ол енді ATP рейтингінде ТОП-30 қатарына кіреді

Александр Бублик Швейцариядағы турнирде чемпион атанды
Global Look Press

Қазақстанның бірінші, әлемнің 34-ракеткасы Александр Бублик Швейцарияның Гштад қаласында өткен беделді турнирдің жеңімпазы атанды. Үш сетке жалғасқан финалдық кездесуде ол аргентиналық Хуан Мануэль Серундолоны (ATP №109) жеңді, есеп – 6:4, 4:6, 6:3. Жекпе-жек 2 сағат 9 минутқа созылды.

Чемпиондық атаққа дейінгі жолында бірнеше мықты қарсыласты тізе бүктірген Бублик финалға дейін сенімді ойын көрсетті. Турнир барысында ол отандасы Александр Шевченконы (101-орын) 6:2, 6:3 есебімен жеңсе, одан кейін аргентиналық Франсиско Комесаньюды (74-орын) – 6:4, 6:3 есебімен, ал ширек финалда француз Артюр Казоны (116-орын) 6:1, 7:5 есебімен ұтты.

Осылайша, Бублик мансабында алтыншы титулына қол жеткізсе, биылғы маусымда екінші рет жеңімпаз атанып отыр. Енді ол АТР рейтингінде алғашқы 30-дықтың қатарына қайта кіреді.

Айта кетейік, Гштад турнирінің жалпы жүлде қоры 596 035 еуроны құрайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам