ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

2,7 млрд теңге жеңіп алған Елена Рыбакина Гиннесс рекордтар кітабына енді

14.11.2025, 12:32

Рыбакина маусымның басты жарысы – WTA Finals турнирінде топ жарған еді

2,7 млрд теңге жеңіп алған Елена Рыбакина Гиннесс рекордтар кітабына енді
KTF

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина бір турнир үшін алынған ең ірі гонорар бойынша жаңа тарихи рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына ресми түрде енді. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

Рыбакина маусымның басты жарысы – WTA Finals турнирінде топ жарып, бір апта ішінде жеңіліссіз өткен жолының арқасында 5,235 миллион доллар (шамамен 2,7 млрд теңге) сыйақы алды. Бұл – әйел теннисіндегі бір турнир үшін берілген ең үлкен жүлде.

Бұған дейінгі рекорд әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко мен ATP көшбасшысы Карлос Алькарасқа тиесілі болған. Олар 2025 жылғы АҚШ ашық чемпионатында (US Open) жеңіске жетіп, 5 миллион доллардан алған еді.

Айта кетейік, WTA Finals финалында Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы сенімді түрде жеңіп, мансабындағы ең ірі жетістіктерінің біріне қол жеткізді. Бұл оның 2022 жылғы Уимблдондағы тарихи триумфынан кейінгі екінші ең үлкен титулы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам