Қазақстан шахматшылары Олимпиадада қатарынан үшінші рет жеңіске жетті

Әйелдер арасында Қазақстан құрамасы рейтингте 25-орындағы Словениямен күш сынасты

t.me/DRSQazaqstan
t.me/DRSQazaqstan

Қазақстан әйелдер құрамасы Самарқандта өтіп жатқан 46-шы әлемдік шахмат Олимпиадасының үшінші турында Словения командасын жеңді.

Қазақстандықтар кездесуді 3,5:0,5 есебімен аяқтады. Алуа Нұрман словениялық Зала Урхтан басым түссе, Елназ Қалиахмет Надия Шпанконы жеңді. Зарина Нұрғалиева Анжи Беберді тізе бүктірді.

Бірінші тақтада ойнаған Бибісара Асаубаева Лаура Унукпен ұпай бөлісті. Бұл – қазақстандық шахматшының турнирдегі қатарынан екінші тең ойыны.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиададағы үш кездесуінің барлығында жеңіске жетті. Бұған дейін отандастарымыз Ботсвана мен Исландия құрамаларын ұтқан еді. Әйелдер арасындағы жарысқа барлығы 189 команда қатысып жатыр.

Ал Қазақстанның ерлер құрамасы үшінші турда Франциядан 0,5:3,5 есебімен жеңілді. Ұлттық құрамаға жалғыз жарты ұпайды Денис Махнев әкелді. Ол 2021 жылғы блицтен әлем чемпионы Максим Вашье-Лагравпен тең түсті.

Сауат Нұрғалиев, Алдияр Аңсат және Жандос Ағманов өз партияларында жеңіліс тапты. Қазақстан ерлер құрамасы алғашқы екі турда Гаити мен Нигерияны жеңген болатын.

Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасының ерлер бәсекесіне 205, әйелдер жарысына 189 құрама қатысып жатыр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам