Алкогольге тойып алған Тайсон Фьюри пабтан еңбектеп шықты (ВИДЕО)

Редактор
11.06.2024, 11:56

Ол бір жылдан атсам уақыт ішімдік ішпей, осы жолы шамадан тыс ұрттап қойған дейді достары

Getty Images

Аса ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы британиялық Тайсон Фьюри (34-1-1, 24 КО) алкогольді шамадан тыс ішіп, келеңсіз жайтқа тап болды.

Оқиға Моркамдағы (Англия) Nowhere пабында болған. Ішімдікке сылқия тойып алған Фьюри аяғында тұра алмай, оны күзетшілер далаға алып шыққан. Тайсон тіпті сыртқа шыққан соң да өз бетінше орнынан көтеріле алмай, еңбектеуге мәжбүр болған, одан қалды көше шамы ілініп тұрған бағанаға баспен соғылған.

Фьюри пабта достарымен болған. The Sun тілшісі оның жолдастарының біріне хабарласып, оқиғаның мән-жайын сұраған. 

«Тайсон бір жылдан астам уақыт ішкен жоқ еді, бұл жолы мөлшерін білмей қалды», - депті ол.

Айта кетейік, Тайсон Фьюри 18 мамырда украиналық Александр Усиктен жеңілген болатын. Енді желтоқсанда британиялық боксшының реванш алуға мүмкіндігі бар. Екеуара жекпе-жек 21 желтоқсан күні Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді.