Дмитрий Бивол отбасымен түскен суретін жариялаған
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас Дмитрий Биволдың отбасына қатысты пікір білдірді.
Таяуда ғана Артур Бетербиевке қарсы жекпе-жекте жеңілген боксшы жақын күндері әлеуметтік желіде отбасымен түскен суретін жариялаған еді.
Осыдан кейін белгілі кәсіпқой боксшы Лукас Биволдың кімге тартқанына қатысты ойын жеткізді.
«Екінші суретте әкесінің спортшы екені бірден көрініп тұр. Қан жібермейді деген осы», - деп пікір жазды Лукас Бивол жариялаған суретіне.
Естеріңізде болса, Сауд Арабиясында өткен жекпе-жекте есе жіберген Бивол әлемнің абсолютті чемпионы атануы мүмкіндігінен айрылған болатын. Кейін боксшыны бұрынғы әйелі айыптап, одан ірі көлемде ақша талап етті. Ол боксшыдан 200 млн рубль мен Петербургтің орталығынан екі пәтер алып берген жағдайда ғана тыныш отыратынын мәлімдеді. Егер олай болмаса, белсенді түрде оны сынайтынын алға тартты.