Баходир Жалоловтың кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласы анықталды

Редактор
19.01.2024, 12:19

Ол сондай-ақ, жазда Парижде өтетін Олимпиада ойындарында да жұдырықтасады

twitter.com/BakhodirJalolov

Танымал спорт шолушысы Дэн Рафаэл аса ауыр салмақта өнер көрсететін өзбекстандық боксшы Баходир Жалоловтың (14-0, 14 КО) кәсіпқой рингтегі келесі қарсыласы кім болатынын айтты.

Маманның сөзінше, өзбек боксшысы 17 ақпанда Эр-Риядта черногориялық Дилан Прашовичпен (17-3, 14 КО) рингке шығады. Бұл жекпе-жек Александр Усик пен Тайсон Фьюри арасындағы кездесудің андеркартында өтпек.

Спорт мамандары Жалоловтың қарсыласы тым әлсіз екенін айтуда. Дегенмен, vRINGe.com сайтының жазуынша, өзбек боксшысы қазір Олимпиада ойындарына дайындалып жатыр. Сондықтан, мықты қарсылас таңдаудан бас тартқан.

Материалда: