Қуат Хамиттің сөзінің жаны бар, бірақ оған футболшылар кінәлі емес - Азамат Рзағалиев

Редактор
06.02.2024, 17:51

Азамат Рзағалиев – вайнер, актер және футбол жанкүйері.

Фото 1bol.kz

Өзі де бала күнінде доп теуіп, профессионал футболшы болуды армандапты. Тіпті, қазақстандық клубтардың бірі оған келісімшарт ұсынып, бірақ жалақысы қолына тимейтінін айтқан. Осылайша Азаматтың футболшы болу арманы орта жолдан үзіліпті.

Александр Марочкин екеуі бала кезден бірге футбол ойнаған. Азамат қазір ұлттық құрама сапында ойнайтын Марочкиннің болашағы барын сол кезден байқаған екен. Бірақ, Өзбекстаннан көшіп келген тағы бір талантты қазақ жігітінің жолы болмағанын айтып өтті. Оған біздегі футбол менеджерлерін кінәлады. 

Айтпақшы, Қазақстанда футболдағы жемқорлық жайлы сериал түсірілмек екен. Шамамен "Сәке" сериалы сияқты болмақ. Қалған қызықты білгіңіз келсе, подкасты соңына дейін көріп, Азамат Рзағалиевтің әңгімесіне құлақ түріңіз.