ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Черчесов Самородов пен Кенжебектің жағдайы туралы айтты

Бүгін, 16:48

«Ахмат» бапкері Самородов пен Кенжебектің алдағы матчқа дайындығын бағалады

Черчесов Самородов пен Кенжебектің жағдайы туралы айтты
әлеуметтік желі

«Ахматтың» бас бапкері Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының футболшылары Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебектің қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді.

Грозныйлық клуб Ресей Премьер-лигасының бесінші турында «Ростовты» 4:1 есебімен жеңгеннен кейін командаға екі күн демалыс берілген. Черчесовтың айтуынша, бұл футболшыларға қажет болған, өйткені олар бір ай бойы үзіліссіз жұмыс істеген.

Қазір «Ахмат» «Крылья Советовқа» қарсы алдағы матчқа дайындалып жатыр. Осы аралықта жарақат алған бірнеше ойыншы қатарға қосыла бастаған.

Бас бапкердің сөзінше, Максим Самородов сейсенбі күні Жулио Ромао, Пряхин және Кистеневпен бірге жалпы топтағы жаттығуға кіріскен.

«Оларға әлі уақыт керек. Ал Кенжебектің үшінші күн қатарынан шап тұсында мәселесі бар. Бейсенбі күні оның жағдайын тексереміз», – деді Черчесов.

Осылайша, Самородовтың қалпына келуінде оң өзгеріс байқалып отыр. Алайда оның алдағы матчқа қатысатыны әзірге белгісіз. Ал Ғалымжан Кенжебектің жағдайы қосымша медициналық тексеруден кейін анықталмақ.

Черчесов «Крылья Советовқа» қарсы ойынның оңай болмайтынын да атап өтті. Оның пікірінше, самаралық клуб маусымды жақсы бастап, сапалы футбол көрсетіп жүр.

«Бұл – ойнай білетін команда. Оларға мүмкіндік берсең, кез келген қарсыласқа қиындық туғыза алады. Біз жеңіске жету үшін ең жақсы қасиеттерімізді көрсетуіміз керек», – деді «Ахматтың» бас бапкері.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам