Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

«Челси» бас бапкерлікке кімді тағайындайтынын анықтады

28.05.2024, 18:21

Соңғы жылдарда АПЛ-де сүреңсіз ойнаған лондондық клуб бапкерді де жиі ауыстыра бастады

«Челси» бас бапкерлікке кімді тағайындайтынын анықтады
Getty Images

Атақты футбол инсайдері Фабрицио Романо италиялық бапкер Энцо Мареска жақын күндері «Челси» клубына бас бапкер болатынын хабарлады.

«Челси» Энцо Маресканы бас бапкер ретінде тағайындау туралы келісімге келді. Here we go! Келісімшарт бес жылға жасалады. Мареска Лондонда 2029 жылға дейін жұмыс істейді. Егер бәрі сәтті болып жатса, 2030 жылдың маусымына дейін қалмақ. «Челси» осы ретте «Лестер Ситиге» компенсация төлейді», - дейді Фабрицио Романо.

Айта кетейік, 21 мамырда «Челси» аргентиналық жаттықтырушы Маурисио Почеттиномен келісімшартты бұзған. Соңғы маусымда команда 63 ұпай жинап, алтыншы орын алды. 

Ал, Энцо Мареска Англияның Чемпионшипінде «Лестер» командасымен чемпион атанып, Премьер-лигаға оралды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам