Қазақстанның гол соқпай жеңіле беруіне ақыры Станислав Черчесов кінәлі болмай шықты

Редактор
31.10.2024, 11:49

Ресейлік бапкер Ұлттар лигасында төрт ойынның үшеуінде жеңілді

sport24.ru

Махачакаланың «Анжи» клубында Гус Хиддинктің ассисенті болған, қазіргі кезде Кувейттің «Әл-Кадсия» клубының бапкері Желько Петрович Станислав Черчесовті қолдайтынын айтты.

Черногориялық маман «Қазақстан құрамасының жеңілісіне Черчесовті кінәлаудың қажеті жоқ. Өйткені Қазақстан онсыз да қатырып жүргені шамалы еді» деп отыр.

Ресейлік бапкер Ұлттар лигасында төрт ойынның үшеуінде жеңілді. Әлі күнге ұлттық құрама бірде-бір гол соққан жоқ. «РБ Спорт» тілшісі Желько Петровичтен Қазақстан жайлы пікірін де сұрапты.

«Қазақстан құрамасының жеңілісіне Черчесовті кінәлауды түсінбеймін. Қазақстан 100 жылдан бері бірде-бір ірі турнирде ойнаған емес. Қазіргі футболдағы адамдардың проблемасы осы болып тұр. Өздері ешқашан ондай ірі жарыстарда ойнамаған, сосын бапкерді шақырып, керемет нәтиже күтеді. Қазақстанға Грузиядан үлгі алу керек. Басымдықты жастарға беру қажет. Соңғы нәтижелерге Черчесовті кінәлаудың қажеті жоқ. Ол Ресейдегі белгілі, тәжірибелі маман. Шет мемлекеттерде де жұмыс істеген. Қазіргі басшылар келісімшарт жазарда уәде етеді, уақыт беретінін айтады. Сосын бірнеше жеңілістен кейін шыдамдары таусылып шыға келеді», - дейді Петрович.