Ұлттық құраманың бас бапкерлігіне лайықты адам жоқ - Вячеслав Эрбес

Редактор
20.11.2024, 09:45

Бұрынғы футболшы Черчесовтің жаңа жоспары болуы мүмкін екенін айтады

ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Вячеслав Эрбес командадағы қазіргі жағдай мен бас бапкер Станислав Черчесов туралы пікір білдірді.

«Алты ойын, ешқандай гол соғылмады. Ал бапкер жаңа жылдан бастап бәрін жаңа парақтан бастаймыз дейді, федерация да оны қолдап отыр. Демек, Черчесов өз орнында қалады. Не ол расымен бірнәрсені өзгерткісі келеді және федерация оны қолдайды, не қазір ұлттық құраманың бас бапкерлігіне лайықты кандидатура жоқ», — деді Эрбес.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы өз тобында төртінші орын алып, бар болғаны бір ғана ұпай жинады. Қазақстандықтар үшін алты матчтың жалпы нәтижесі — 0:15. Қарсыластар Словения, Норвегия және Австрия құрамалары болды.