ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Магомед Адиев Қазақстан құрамасына қайта келе ме? Маманның өзі жауап берді

20.11.2024, 10:12

Қазақстан құрамасын Магомед Адиев жаттықтырған тұста команда Ұлттар лигасында сәтті өнер көрсетіп, Еуропа чемпионатының жолдамасына таласты

Магомед Адиев Қазақстан құрамасына қайта келе ме? Маманның өзі жауап берді
Қазақстан футбол федерациясы

Ұлттар лигасында масқарасы шыққан Қазақстан құрамасы бас бапкерімен қош айтысуға асығар емес. Ресейлік Станислав Черчесов жаттықтыратын команда аталған турнирде 6 матч өткізіп, бесеуінде жеңілді және ешбір ойында гол соға алған жоқ.

Осы сәтсіздіктен кейін жанкүйерлер Черчесовтың отставкасын жаппай талап еткенімен, бапкердің өзі ешқайда кетпейтінін ашық айтты. Тіпті, келер жылға жоспар да құрып қойыпты. 

Ал, әлеуметтік желіде кейбір қазақстандықтар бұрынғы бас бапкер Магомед Адиевтің қайта келуін сұрауда. Шешен маманы бірнеше айдан бері жұмыссыз жүр. «Матч ТВ» телеарнасына берген сұхбатында ол қызметке ұсыныс түспегенін айтты.

«Нақты ұсыныс әлі ешкімнен түскен жоқ. Бірақ, менің болашақ қызметіме қатысты әңгімелер бар. Қазір ұсыныс күтіп отырмын», - деді Адиев. Дегенмен, ол ұсынысты нақты кімнен күтіп отырғанын айтқан жоқ.

Айта кету керек, Қазақстан құрамасын Магомед Адиев жаттықтырған тұста команда Ұлттар лигасында сәтті өнер көрсетіп, Еуропа чемпионатының жолдамасына таласты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам