Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Нұралы Әліпке мадридтік «Реалдың» қызыққаны рас па – ресми өкілі жауап берді

27.12.2023, 20:21

Қазақ футболшысы болса «Зенитпен» одан әрі жұмыс істемек

Нұралы Әліпке мадридтік «Реалдың» қызыққаны рас па – ресми өкілі жауап берді
ФК "Зенит"

Футболдан Қазақстан құрамасы мен мәскеулік «Зениттің» қорғаушысы Нұралы Әліпке корольдік клуб – Мадридтің «Реалы» қызығушылық танытты деген ақпарат соңғы бірер күнде отандық БАҚ беттерінде жарияланған болатын. Футболшының ресми өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды деп жазады Sport24.

Қазақстандық Telegram-каналдар бұған дейін жазғандай, испандық клуб «Зенит» ойыншысы Ренанды қарап жүріп, Нұралы Әліпке көзі түскен-міс.

«Нұралы Әліпке қызығушылық танытып жатқандар көп. Мысалы, Түркияның командасы оны өз сапына қосқысы бар. Ал, «Реал» тарапынан бізге қағаз жүзінде ешқандай ұсыныс келіп түскен жоқ. Біз қазір «Зенитпен» жұмысты одан әрі жалғастыра береміз. Ресейлік команда Нұралы Әліпті негізгі құрамның ойыншысы ретінде қарастырып жатыр», - деді Player Career Managemen агенттігінің өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Әліпке «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытып жатыр деген де алып-қашпа әңгіме тараған. Ол да артынша жалған болып шықты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам