Францияда ел намысын 8 дзюдошы қорғайды
Дзюдодан еліміздің ұлттық құрама балуандары Париж Олимпиадасында киетін жаңа киім үлгісімен түскен фотосуретін жариялады.
Франция астанасында дзюдо бәсекесінен ел намысын 8 дзюдошы қорғайды. Оның ішінде ерлер құрамасынан 5 балуан татамиге шықса, әйелдер құрамасынан 3 балуан сынға түседі.
Олимпиадалық цикл барысында жоғары ұпай жинаған Елдос Сметов (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Нұрлыхан Шархан (-100 кг), Абиба Әбужақынова (48 кг), Есмигүл Құйылова (63 кг), Кәмила Бероіқаш (-78 кг) сында балуанда 27 шілде мен 2 тамыз күндері аралығында белдесетін болады.