Демеу Жадыраевтың Олимпиададағы алғашқы қарсыласы анықталды

Редактор
05.08.2024, 21:29

97 келіде Қазақстан құрамасы іріктеу турнирілерінде қол жеткізе алмады

ҰОК

Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен 77 және 97 келі салмақ дәрежесінің жеребесі тартылды.

Аталған сында 77 келіде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев белдеседі. Ол алғашқы айналымда колумбиялық балуанмен сынға түседі. Егер жеңіске жетсе, екінші айналымда АҚШ-Қырғызстан балуандары жұбының жеңімпазымен өзара мықтыны анықтайды.

Айта кететін жайт, 77 келіде Қырғызстан атынан Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмұдов бозкілемге шығады.

97 келіде Қазақстан құрамасы іріктеу турнирілерінде қол жеткізе алмады. Сондай-ақ, әйелдер күресінен 50 келіде 16 спортшы жарыс жолын бастайды.