Криштиану Роналду 39 жасында жаңа жетістікке жетті

Редактор
06.09.2024, 11:17

Танымал футболшы 22 жыл бойы гол соғуын тоқтатқан емес

Getty images

Португалия құрамасы мен Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының капитаны Криштиану Роналду спорттық карьерасындағы 900-голын соқты.

Кеше түнде Ұлттар лигасы аясында Португалия мен Хорватия кездескен. 39 жастағы шабуылшы матчтың 34-минутында есеп ашты. Бұл оның карьерасындағы 900-голы болатын. Роналду ең алғаш 2002 жылы 7 қазанда «Морейренсе» қақпасын дәл көздеген. Содан бері 22 жыл бойы гол соғуын тоқтатқан емес.

«Бұл мен үшін эмоцианалдық сәт. Тағы бір белесті бағындырдым. Бәлкім, біреулерге өте оңай көрінер. Шын мәнінде олай емес. Бұл күнделікті тынымсыз еңбектің нәтижесі. Қазір жасым 39-дан асты, мақсатыма жету үшін жинақылық қажет. Ол үшін барымды салуым тиіс. Сондықтан осындай жетістіктерден кейін эмоцияға берілемін. Қазір істеп жатқанымды бағалаймын. Серіктестерімсіз бұл мүмкін емес еді», - дейді Роналду.

Роналду  «Алтын доптың» және УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы.

Материалда: