Садыр Жапаров өзбекстандық бапкерге алғыс білдіріп, құрмет көрсетті
Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров өзбек бапкері Акмал Хасановты қабылдап, Париж олимпиадасында Мұнарбек Сейітбекұлының жеңісіне қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, арнайы сыйлығын табыстады.
Садыр Жапаров Акмал Хасановтың әрекеті Қырғызстан мен Өзбекстан халықтарының достығы мен бірлігін дәріптейтінін ерекше атап өтті.
«Бүкіл әлем Орталық Азия халықтарының бір-бірін қолдайтынына куә болды. Спортты бейбітшілік елшісі деп атап жатады. Сіз өзіңіздің мысалыңызбен өзара келісімді нығайтуға үлес қостыңыз. Біздің бірлігіміздің нығайғанын тілеймін», - деді Садыр Жапаров.
Сондай-ақ, Президент өзбек спортшыларының Париждегі Олимпиададағы жақсы нәтижелерін атап өтті.
«Өзбекстан спортқа көп көңіл бөледі. Біз соңғы үш жылда ғана спортшыларымызға белсенді қолдау көрсете бастадық. Бұрын біз жарыстарға қатысу үшін қаражатты уақтылы бөле алмайтын жағдайлар да болған. Қазір мемлекет витаминдермен қамтамасыз етуге дейінгі барлық қажетті жағдайларды жасауда», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Садыр Жапаров әсіресе, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұнарбек Сейітбекұлына қолдау қажет болғанда, Ақмал Хасановтың ерлік көрсеткенін ерекше атап өтті.
«Біздің ата-бабаларымыз ел батырларына жылқы сыйлаған. Қазір автокөлік беру әдетке айналған, бірақ дәстүр өзгеріссіз қалады. Бұл ерекше еңбегіңіз үшін құрмет пен ризашылықтың көрінісіндей болсын», - деп қосты Президент.