“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Ақтөбе облысы спорт басқармасының басшысы қызметінен кетті

11.09.2024, 09:54

Әлем чемпионы Евгений Гончаров бұл қызметке 5 жыл бұрын тағайындалған

Ақтөбе облысы спорт басқармасының басшысы қызметінен кетті
aktobetimes.kz

Гір көтеруден 13 дүркін әлем чемпионы Евгений Гончаров Ақтөбе облысының спорт басқармасының басшысы қызметінен өз еркімен кетті.

Евгений Гончаров 2015 жылдың ақпан айында Ақтөбе қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып тағайындалған болатын. Ол бұл қызметті 2019 жылдың қазан айына дейін атқарды. Кейін Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне ауысуына байланысты қалалық әкімшіліктен босатылды. Осы уақытқа дейін облыстық спорт басқармасында жұмыс істеді.

Еске салайық, 2023 жылы Гончаров Өзбекстанның Хива қаласында өткен әлем чемпионатында Евгений Гончаров 13-рет жеңіс тұғырынан көрінді. 95 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша үздік шыққан ол гірді 113 рет көтерді. Бұл спортшының 10 жылдан кейінгі кезекті жеңісі болды. Жарыс кезінде Ресей, АҚШ, Италия, Германия елдерінен келген спортшылар мықты қарсылас бола білді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам