«Есін жоғалтқанша ұру керек». Қуат Хамитов әйелі бар еркектерге кеңес берді

Редактор
15.10.2024, 17:14

Спортшы өзгелерге қатысты жиі сын айтады

Instagram/kuat__khamitov

Аралас жекпе-жекте бақ сынап, соңғы уақытта боксқа бет бұра бастаған Қуат Хамитовтың түрлі мәлімдемелері қоғамда қызу талқыланатыны рас. Спортшы әріптестерін ғана емес, қыз балаларға қатысты да түрлі сынды жиі айтады. Ал бұл жолы ол ер адамның әйеліне қол көтеруіне қатысты мәселеге өз пікірін білдіріпті.

«Менен «әйеліңді ұрасың ба?» деп сұрап жатыр. Мен әйелімді ұрмаймын. Бірақ соққыға жыққаны үшін үстінен арыз жазылған жігіттерге айтарым: ұрасың ба – соңына дейін ұр. Есін жоғалтып қойғанша ұр. Адам не алдын, не артын білмей қалатындай, бірнеше ай аутта болатындай ұру керек. Сол кезде арыз жазатын уақыт та өтіп кетеді. Сонда ешкім арыз да жазбайды. Сондықтан адамды дұрыс ұрмайсыңдар», - деді Қуат Хамитов.

Материалда: