Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Талдықорғанда жас баланы қонақүйде зорлаған жаттықтырушы сотталды

15.10.2024, 21:41

26 жастағы ер адам самбодан жаттықтырушы болған

Талдықорғанда жас баланы қонақүйде зорлаған жаттықтырушы сотталды
pixabay.com

Талдықорғанда Жетісу облысының олимпиадалық резерв спорт мектебінің жаттықтырушысына қатысты педофилия ісі бойынша сот процесі аяқталд.

Сот үкімімен 26 жастағы ер адам Қылмыстық кодекстің 122-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау) бойынша кінәлі деп танылды.

“Сотталушы өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырумен 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді”, – делінген Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасында

Еске сала кетейік, бұл факті бойынша тергеу 2023 жылдың желтоқсан айының басында басталған еді. Іс материалдарындағы негізгі айыпталушы 26 жастағы Жетісу аудандық жасөспірімдер спорт мектебінің жұмысшысы. Ол жақында ғана самбодан жаттықтырушы қызметінен босатылған.

Сот мәліметінше, сотталушы бұрын Талдықорған қаласындағы қонақүйлердің бірінде жасөспіріммен бірге болған. Қонақүй әкімшілігі жаттықтырушыдан күдіктеніп, полиция шақырған. 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам