Екатерина Бивол балаларына пәтер алып беруге міндеттеген
Кәсіпқой бокстан әлемнің экс-чемпионы Дмитрий Биволға бұрынғы әйелі талап қойды. Әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жекте Артур Бетербиевке есе жіберген боксшының барлық құпиясын жарияға жар салған Екатерина Бивол ашық түрде оның қарсыласына қолдау білдірген еді.
«Димасик, есе жіберушім менің! Балалардың әрқайсысына Петербургтің орталығынан пәтер сатып әпер! Олардың 100 млн рубль көлемінде есепшот аш! Осыдан кейін мен үндемеймін. Экс-чемпион, осыны істесең мен мүлдем жақ ашпаймын. Егер істемесең, бұл тек басы ғана», - деп жазды Екатерина Бивол.
Белгілі кәсіпқой боксшы жұбайымен өткен жылдың маусым айында ажырасқан болатын. Осыдан кейін оның бұрынғы әйелі әлеуметтік желіде күйеуі туралы түрлі ақпараттарды жариялап, айыптаумен келеді. Олардың арасында екі ұл бала бүгінде анасының тәрбиесінде. Жақында Бивол Бетербиевтен жеңілгеннен кейін Екатерина қуанышын жасыра алмай, қарсыласына ашық түрде қолдау көрсеткен болатын.
Дмитрий Бивол (23-1, 12 КО) он жылдан бері кәсіпқой бокста өнер көрсетеді. Ол өз мансабында әлемнің ең танымал мықты боксшысы Сауль Альваресті ұтты. Бүгінде Қырғызстан атынан өнер көрсететін боксшы Бетербиевтен төрешілер шешіші бойынша жеңілгеннен кейін WBA Super и IBO белдіктерінен айырылды.